ЖАЛҒАСЫН ТАПҚАН ЖАҚСЫ ІСТЕР
Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа Жолдауында ұстаздар қауымына және мемлекеттің кәдімгі қарапайым мектептерге қолдау көрсететіні жөнінде өте тамаша айтылды.Ұстаздардың жалақысын көтеру, қала мен ауыл арасындағы білім беру саласындағы алшақтықты қысқарту - бүгінгі таңда ұстаздарды толғандыратын ең маңызды мәселелердің бірі. Рас,соңғы уақытта мемлекет тарапынан білім саласына көп көңіл бөлініп жатыр. Осы жолдау маған да ой салып, Нұра аудандық мұғалімдер кәсіподақ комитетінің атқарып жатқан игі істері жөнінде жазуыма түрткі болды. Мен М.Сүлейменов атындағы ЖОББ мектебінде 19 жылдан бері мұғалімімін. Былтырғы жылы қазан айында осы мектептің кәсіподақ ұйымының жетекшілігіне сайландым.
Кәсіподақ ұстаздардың жоғын жоқтайтын, мұңын мұңдасатын бірден бір жанашыр ұйым. Мектеп ұжымына үнемі көңіл бөліп, қолдап отыратын ұйымның өзім куә болған игі істері туралы айта кетейін. Соңғы екі жылда мектебімізден төрт ұстаз (Т. Мұқатаева., Л.Исина, А.Турмаганбетова, С,Исманова) еліміздің көрікті жері Қарқаралыдағы демалыс орынында тегін демалып келсе, "Арман" сауықтыру шипажайында демалған мұғалімдеріміз Г.Б. Қаржасова, Ү.А.Какбаева, Р.А. Досболоваға кәсіподақ комитеті жолдамаларының 30% ақысын төлеп берді. Мен бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісі ретінде ұстаздар ұсынысын комитет төрағасы А.Х. Мустафинге жеткізіп отырамын. Кәсіподақ комитеті кәсіподақ мүшелерінің қуанышына да, қайғысында бөлісуден қалыс қалған емес. Мерейтой иелеріне сый-құрмет көрсету бір бөлек, Зейнеткерлікке шыққандар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Зейнеткер ұстаздар әрдайым кәсіподақ комитетіне алғысын жаудырып, ризашылықтарын білдіріп жатады Үстіміздегі жылы "Сәлем саған, мектебім" акциясын аясында мектеп ұжымының алғаш мектеп табалдырығын аттаған 5 бүлдіршініне аудандық кәсіподақ ұйымынан қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл істер ауданымыздағы тек бір мектеп аясында ғана атқарылып жатқан шаралар. Мұндай игі жұмыстар әр аудан көлеміндегі әрбір білім беру ұйымында атқарылып жатқанына сенімдімін. Кәсіподақ комитеттерінің жұмысына жаңа оқу жылында шығармашылық табыс тілеймін.

А.Пішенбаева,М.Сүлейменов ат. ЖОББМкәсіподақ төрайымы,
Нұра ауданы,Қарағанды облысы
Нұра ауданы,Қарағанды облысы
-
Фотографии
-