КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЕҢБЕК НОРМАЛАРЫ
28 тамыз күні«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы»ҚБМаңғыстау облыстық ұйымының төрайымы Т.Байымбетова, Мұнайлы аудандық кәсіптік одағының төрайымы Р.Текеева және Мұнайлы аудандық білім бөліміне қарасты «Өнер мектебінің» директоры Г.Даулетованың қатысуымен «Карантин кезіндегі еңбек нормалары» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде пандемия кезіндегі еңбек нормалары мен жаңа оқу жылына дайындықбарысыталқыға салынды. Сондай-ақ пандемия кезінде домбыра үйірмесі бойынша бірінші сыныпқа келетін балаларға қатысты мәселелердіңшешу жолдары қарастырылды.
«Батыр»аула клубының домбыра үйірмесінің жетекшісі Бибінұр Тастемірова 4 аптаға 4 видеосабақты жіберу туралы толық әдістемелік көмекті алдын-ала беруді сұрады. Күй-терме жетекшісі Жүзімгүл Рейіпназарова еңбек демалысы кезінде медициналықсақтандырудыңқандай жағдайда пайдаланатындығытуралы сауалын жолдады.
Салалық кәсіподақтыңМаңғыстау облыстық ұйымының төрайымы Т.Байымбетовакәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғау, кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастырушылық қызметін нығайту жөніндегі жарғылық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нақты жұмыстар туралы толық түсінік беріп, сондай-ақ медициналықсақтандыруға қатысты мәселеніанықтапберуді жауапкершілігіне алды.
Р.Текеева,Мұнайлы аудандық кәсіподақ
филиалының төрайымыМаңғыстау облысы
-
Фотографии
-