КӘСІПОДАҚ ҰСТАЗДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы қашықтан білім беруді қолдау мақсатында педагогтарға қаржылай көмек көрсетті. Атап айтқанда, өңірдегі 30 ұстазға ноутбук сатып алуы үшін бастапқы жарна ретінде 50000(елу мың)теңге көлемінде барлығы 1500000(бір миллион бес жүз мың)теңге бөлді.
Кәсіподақ тарапынан берілген материалдық көмек арқылы ұстаздар қауымы озық технологиялармен қамтамасыз етіліп, жаңа оқу жылына толықтай дайындалды.
Білім беру саласының қызметкерлері аталған бастамаға алғыстарын білдіріп, облыстық ұйымының жұмысына сәттілік тіледі.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі