Жақыныңмен бірге бол
Бүгінгі таңда әлемді шарлап өткен індет, біздің елден де айналып өтпеді. Елде ерте көктемнен бері карантин жарияланып, сақтық шаралары іске асырылуда. Мектептерде оқу қашықтықтан оқытылып, мұғалімдер оқушыларға онлайн режимінде сабақ өткізіп, білім берудің оңтайлы тәсілдерін пайдаланып отыр. Осы орайда, әлеуметтік тұрмыс жағдайы келмейтін мұғалімдерге компьютерлік техника алуға, білім саласында қызмет атқаратын кәсіподақ мүшелеріне көмек беру мақсатында Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті атқару комитетінің мүшелерінің келісімімен қаржылай көмек көрсетуге шешім қабылдады.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетіне қарасты 38 мектептің бір мұғаліміне компьютер алу үшін 50000 (елу мың) теңгеден қаржы бөлінді. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары ұжыммен келісе отырып, мұқтаж ұстаздың тізімін және сұранысын комитетке тапсырды. Тізім бойынша аты аталған ұстаздарға қаржылай көмек табысталды. Уақытша қиындықты бірлігіміз жарасып жеңеміз деген мақсатпен кәсіподақ белсенділері аянбай еңбек етуде. Балаға білім мен тәрбие негіздерін қалыптастыруда мұғалімдердің қызметін ерекше бағалайтын кәсіподақ, мұғалімдерге көмек қолын созу арқылы өз қамқорлықтарын танытып, қай уақытта да мұғаліммен бірге екендігін білдірді.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ комитетінің маманы М.Кенжебаева
-
Фотографии
-