БҚО БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ЗЕЙНЕТКЕР МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Ағымдағы жылдың 14 тамыз күні қалалық № 37 мектебінде көп жылдар білім саласында басшылық лауазымын атқарған мектеп директорлары Л.Белякова (№32 ЖОББМ), Т.Рудич №17 (ЖОББМ), Ұ.Тлегенова (№20 ЖОББМ), В.Ихсанова (№41 мектеп – лицейі) құрметті еңбек демалысына шығуына орай салтанатты шарасы ұйымдастырылды.
Шараға БҚО білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев, Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова және Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып,білім саласындаабыройлы лауазымдықызмет атқарып, іскерліктері мен белсенді көшбасшылық қасиеттерімен зор беделге ие болған әріптестерімізге өз алғыстары мен ризашылықтарын білдірді.
Облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев құттықтау сөз сөйлеп, шипажайларға тегін жолдама мен гүл шоқтарын табыстады.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҒЫ
-
Фотографии
-