САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МҮДДЕСІ ӘРҚАШАН КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА!
Кәсіподақ пандемия уақытында әлеуметтік әріптестерімен бірігіп, еңбек заңнамасының, ұжымдық шарттардың сақталуына бақылауды күшейтіп, ашықтық қарым-қатынас арқылы сала қызметкерлерінің мұң-мұқтажына жедел назар аудару қызметіне басымдық берді. Білім қызметкерлерінің көптеген мәселелері шешіліп, мониторинг жасалды.
Салалық кәсіподақтың Қызылорда облыстық ұйымының құқықтық қызмет жөніндегі мамандары 256 кәсіподақ мүшесіне қашықтықтан құқықтық кеңес берді. Жазбаша түрде электронды почтаға 5 өтініш келіп түсті. Телефон, Facebook, Telegram, Мессенджер,What’sApp арқылы ауызша 200 ден аса өтініш қабылданды. Сұрақтардың басым бөлігі төтенше жағдайдың еңгізілуіне орай бос тұрып қалу жағдайында жалақының төленуі, ақылы еңбек демалысының берілу тәртібі және есептелінуі, «Мұғалім мәртебесі туралы» заңы бойынша магистранттарға қосымша ақы төлеуге байланысты болды.
Облыс көлемінде құқықтық жұмыс нәтижесіне сай экономикалық тиімділік183млн 118269теңгені құрады.
- Мұғалімдердің еңбек өтілі мен санатының дұрыс есептелінбеуінен төменгі буынмен төлеп, зерделеу нәтижесінде118269теңге айырма қайта есептелініп берілді;
2866мұғалімнің еңбек демалысының ақысы арттыру коэффицентімен қайта есептелініп183 млнтеңге ұстаздардың пайдасына өндірілді.
САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МҮДДЕСІ ӘРҚАШАН КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА!