ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК НӘТИЖЕСІ
Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арасында жасалған үшжақты әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің аясында облыстағы білім саласының қызметкерлері медициналық тексерістен тегін өтіп келеді. Аталған құжаттың "Еңбек пен денсаулықты қорғау" тарауында білім беру ұйымдарының педагогтары мен кіші қызметкерлеріне бастапқы және мерзімді міндетті дәрігерлік тексеруден тегін өту көзделген. Мұндай мүмкіндікке Алға, Әйтеке би, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар, Қарғалы, Хромтау және Шалқар аудандарының педагогтарымен қоса кіші қызметкелері де ие. Биыл Алға ауданында мұғалімдер мен техникалық қызметкерлерді медициналық тексерістен өткізуге жергілікті бюджеттен 2 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Өзге аудандарда да осындай қаражат қарастырылған. Ал, Темір мен Ойыл аудандарында мұндай игілікті тек ұстаздар ғана көріп келген еді. Жақында аталған аудандарда білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі және білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы арасындағы әлеуметтік келісімге қол қойылды. Оның негізінде алдағы тамыз айынан бастап ұстаздармен бірге білім беру ұйымдарында еңбек ететін барлық техникалық қызметкерлер де дәрігердің тексерісінен тегін өтетін болды. Бұл мәселе Байғанин және Ырғыз аудандарында күн тәртібіне қойылды.
"Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы" ҚБ
кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы" ҚБ
-
Фотографии
-