ВЕБИНАРДА КӘСІПОДАҚТЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
"Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы" ҚБ Қармақшы аудандық комитетінің төрайымы Л.Есханова мектеп директорларына, мектептен тыс мекеме басшыларына және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына ZOOM арқылы вебинер өткізді.
Вебинарда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы қатысушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тіледі және аудандықбілім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстарымен, жоспарларымен, алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Вебинарда білім қызметкерлеріне берілетін шипажайларға жолдамалар, білім қызметкерлері балаларына лагерьлер, әлеуметтік желіге бастауыш кәсіподақ ұйымының жүргізілген жұмыстарын жариялап отыру туралы т.б. ағымдағы мәселелер туралы сөз болды. Вебинар соңында сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
-
Фотографии
-