ОНЛАЙН ЖИЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
28 мамыр күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚҚБ аудандық, қалалық филиалдары төрағаларымен онлайн жиналысын өткізді.
Жиында төрағалар мен аппарат қызметкерлері сөз сөйлеп, Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Тарбия Баймбетова, құқықтық қызметтер жөніндегі бас маман Наталья Храмова қазіргі кездегі өзекті мәселелерге тоқталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрығымен, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығына енгізілген өзгерістер талқыланып, пікір алмасты.
Барлық сауалдарға тиісті жауаптар алынды, олар ұжымдарда білім беру қызметкерлеріне (кәсіподақ мүшелеріне) жеткізілетін болады.
-
Фотографии
-