АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, МАХАМБЕТ АУДАНЫ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының араласуымен республикамыздың білім беру ұйымдары қызметкерлерінің айлықақы және сауықтыруға арналған жәрдемақы бойынша мәселелері оңтайлы шешілуде.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мұқашева мен құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаеваның Атырау облысы Махамбет ауданында сала қызметкерлерімен кездесу барысында ұстаздардың ақылы еңбек демалысына шыққанда берілетін сауықтыру жәрдемақысының тиісті көлемінде төленбей отырғаны, сонымен қатар, қосымша білім беру ұйымдары педагогтарына жалақының қаңтар айынан көтерілген 25%-зы төленбей отырғаны белгілі болды.
Салалық кәсіподақ және Атырау облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының тікелей араласуымен мәселе оң шешімін тапты.
-
Фотографии
-