ОНЛАЙН СЕМИНАР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ АРНАЛДЫ
2020 жылдың 15 мамырында «Тереңкөл аудандық білім қызметкерлер кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалымен онлайн режимінде ауданнның білім беру мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына арналған семинар өткізілді.
Семинар жұмысына «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-нің құқық мәселелері жөніндегі бас маман Г.Джаркенова қатысты.
Г.Джаркенова ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының негізгі қағидаларына тоқталды.
Eңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізу;
Цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы еңбек шарттарына электрондық құжат нысаны түрінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігі;
Жұмыс беруші мерзімді əскери қызмет өткеру үшін шақырылған жұмыскердің хабарламасы негізінде оған мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңіне жалақысы сақталмайтын демалыс беруге міндетті;
Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек шартында белгіленген мерзімдерде төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады, нақты айтқанда жұмыс беруші төлем кідіртілген кезең үшін жұмыскерге берешек пен өсімпұл төлейді;
Жұмыс берішінің міндеттерінің бекітілуі;
Жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін, жұмыскердің орташа жалақының мөлшері есебінен өтемақы төлеуі сынды тақырыптарға жан-жақты түсінік берді.
Білім беру мекемелерінің басшылары педагогтердің шамадан тыс есеп беру мәселесін шешетін, ҚР Білім және ғылым министрінің «Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы, «Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 15 сәуірдегі №145, «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 160 бұйрықтарымен таныстырылды.
Бұйрықта орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізбесі бекітілген. Сонымен қатар тізімнен тыс құжаттар талап етілген жағдайда жауапкершілікке тарту қарастырылған.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне ғылыми-педагогикалық дәрежесі үшін (10 АЕМ) қосымша ақы төленуде, ал 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тәлімгерлік үшін қосымша ақы төленетін болады.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Семинар білім беру мекемелері басшыларының және бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының еңбек заңнамасы саласында және жалпы білім беру жүйесі бойынша білімдерін кеңейтуге ықпал етті. Семинар соңында қатысушылар шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
А.Умарова,«Тереңкөл аудандық білім
қызметкерлерікәсіподақ ұйымы» ҚБ төрайым