«Ерлікке тағзым»
Қолөнер – халқымыздың қасиеттімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы.
«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» - деген халық даналығы.
Өнер адамның дүнитанымына, сеніміне, адамгершілік-моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезіміне, алға қайған мақсатының айқындалуына әсер етеді.
Баянауыл білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының мүшелері арасында 24 сәуір - 4 мамыр аралығында Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» атты тақырыпта қашықтықтан қол өнер байқауы өткізілді.
Байқаудың өткізу мақсаты:
- Қатысушылардың бойында патриоттық сезімдерін оятуға;
- Қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін насихаттау және дамыту,қызығушылығын артыру.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
1-орын З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің технология пәнінің мұғалімі Меруерт Тұрсынқызы Батенова
2-орын Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің технология пәнінің мұғалімі Алтынай Қасымқызы Ахметова
3-орын Шадыра мектеп балабақша оқу-тәрбие кешенінің тәрбиешісі Альпатина Жанар Рахымтайқызы, Майқайың кенті бөбектер бақшасының тәрбиешісі Халым Сымбат, Баянауыл өнер мектебінің сурет пәнінің мұғалімі Әсенәлі Бүрлен.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен марапаттар тағайындалады. Марапаттарыңыз құтты болсын.
Баянауыл білім қызметкерлерінің кәсіподақұйымының төрайымы А.Ж. Ныгметова
-
Фотографии
-