Организация учебного процесса с применением дистанционных технологий обучения
В связи с введением чрезвычайного положения в РК в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева от 15 марта 2020 года №285, а также с приказом №108 Министра образования и науки РК Асхата Аймагамбетова от 14 марта 2020 года, с 16 марта 2020 года Жетысуский государственный университет им. И.Жансугурова перешел на дистанционное обучение по всем уровням образования.
Для осуществления учебного процесса по дистанционным технологиям обучения деканом факультета Утегеновым Е. и заведующими кафедрами Сочиным С., Усеновой А., Куракбаевой А. была организована работа профессорско-преподавательского состава со студентами и магистрантами: размещены силлабусы, лекционные материалы, задания практических и индивидуальных занятий в электронные журналы, проведено обучение с применением разнообразных образовательных и информационно-коммуникационных технологий.
В настоящее время студентыимеют доступ к электронным платформам (ZOOM, Google Classroom, Quizlet.com, Skype и др.). Преподавателями используются разнообразные формы занятий в виде онлайн-лекций, видео лекций, онлайн-конференций, мастер-классов, отслеживается выполнение заданий студентами, оценивается степень освоения учебных материалов. Так, например, специальные дисциплины по образовательной программе «Физическая культура и спорт» проводятся в форме видеороликов. Творческиедисциплины по живописи, рисунку, визуальному искусству, основному музыкальному инструменту (фортепиано, домбра), хоровому дирижированию, вокальному классу, фото графике, рекламной и печатной графике ведутся в виде мастер-классов, где преподаватель показывает выполнение тех или иных упраженений, снимает их на видео и отправляет студентам, которые, в свою очередь, отправляют заснятые ими выполненные упражнения и другие задания творческого характера.
На период карантинаобучающиеся факультета находятся на ежедневной связи с деканом, заведующими кафедрами и кураторами, ознакомлены с расписанием, темами, содержанием занятий, самостоятельно выполняют задания по требованиям и критериям учебной программы. Для профессорско-преподавательского состава и обучающихся созданы все условия для свободного доступа в электронные ресурсы через личные контенты платформыSMARTZhetySU.
Декан факультета Физической культуры и искусства, к.п.н., Утегенов Е.К.
Қашықтықтан оқыту технологиясын дамыту - өркениетті қоғам сұранысы
Соңғы жылдары еліміздің білім беру саласында түбегейлі сапалық өзгерістердің болуы әлемдік дамудың жаңа ұстанымдарындағы білім беру жүйесінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуінен туындап отырғаны белгілі. Сондықтан дамыған елдер «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құрып, дамытуға бет бұрды. Нәтижесінде ақпараттық қоғамның артықшылықтарына негізделген қашықтықтан оқыту технологиясы дүниежүзінің барлық елдерінде қанатын кең жайып, ілгерлемелі технология бойынша білім беру мен оқыту жетекші рөлге ие бола бастағанын қоғамдық практика көрсетіп отыр. Ол өз кезегінде жаһандану талабындағы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық өмірінің сан қилы салаларындағы өзара ықпалдасуларды жаңа сатыға көтере отырып, қоғамның барлық мүшелеріне, оның ішінде жастар мен білімгерлерге әлемдік білім мен тәжірибе кеңістігіндегі жетістіктерді еркін қолдануға және жетілдіруге өріс береді.
Осы жағдайда еліміздегі қашықтықтан білім беру, оқыту технологиясының басты мақсаттарының бірі - жүйені кешенді енгізу арқылы білім алушыларға өз үйі мен мекен-жайында, оның географиялық орналасуына қарамастан үздіксіз білім беру қағидаларына сай коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде қолдана отырып, өздері қалаған оқу орындарындарда, оның ішінде түрлі колледждер мен жоғары оқу орындарында (ЖОО) білім алуларына жағдай құру және осы саладағы жетістіктерді игеруге өзіндік орта қалыптастыру.
Жалпы қашықтықтан оқыту жүйесі - компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлерін, білім беру үрдісіне енгізе отырып, үздік дәстүрлі және инновациялық әдістерді қолданатын оқыту мен білімді қабылдау түрі болып табылады. Оның өзіндікартықшылықтарына:
- Жекеадамныңүздіксіз әлеуметтенумүмкіндігі;
- Икемділік(оқытудың уақыты, орны, көлеміжәнеқозғалысы бойынша);
- Жекелейоқужоспарын қолданумүмкіндігі;
- Оқуақпаратынақол жеткізу, оныжеделжаңарту;
- Экономикалық тиімділігі (оқуалаңы,көлік, техникалық құралдардың шығындарын қысқарту және т.б.);
- Жаңатехнологияларды қолдану;
- Білім алушылардың әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұрғын мекені мен денсаулық және т.б. жағдайына байланыссыз);
- Барлықелдегіақпараттық-оқытуресурстарыныңшығысы менкірісі;
- Материалдарды көбейту, тарату ыңғайлылығы;
- Оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз етуі.
Одан басқа қашықтықтан оқытутехнологиясына тән ерекше сипаттамаларға:
- Құрылымның ашық жүйе үрдісіне сәйкес құрылуы;
- Ақпараттық ресурстарды сақтаудың форматқа сәйкес келуі және халықаралық стандартты қолдануы;
- Кеңейгіштігі, яғни жүйе құрылымының функционалды компоненттерін өсіруге мүмкіндік беруі;
- Жүйенің көп функциялы және қолданыста жан-жақты болуы;
- Ақпараттық ресурстарды сақтау сенімділігі мен мүмкін болатын қауіптердің салдарынан жоғалмауы;
- Жүйені түрлі желідегі конфигурация мен үлестірілген ақпараттық ресурстарды сақтауды қолдауы;
- Жұмыс істеу үшін жүйедегі түрлі конфигурация құрылымы мен көлемін өзгерте алу;
- Қолданушыға интерфейстің қарапайым, түсінікті болуы;
- Өңдеудіңқарапайымдылығы, жылдамдығы мен тиімділігі;
- Жүйенің әртүрлі аппараттық - бағдарламалық тұғырнамада тасымалдануы мен жұмыс істеуі;
- Жүйенің ақпараттық толықтыруда және оны нақты жүзеге асыруда тәуелді болмауы;
- Ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігі;
- Басқарудың қарапайымдылығы, яғни интерфейс басшысы жеткізерліктей, түсінікті және ыңғайлы болуы;
- Жүйедегі бірнеше қолданушылардың сұранысын қатар өңдеуі, яғни көпмәнділігі;
- Жұмыстың тиімділігі.
Аталғандар адами капиталды дамытудағы өркениетті қоғам сұранысына сай келіп, қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы ақпараттық ортадағы жеке тұлғаны жетілдіруге керекті қажеттіліктермен қамтамасыз етеді.
Осындай артықшылықтар мен ерекшеліктерге ие болатын қашықтықтан оқыту жүйесі І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде 2011 жылдан бері қолданысқа енгізіліп, оның құралдарын дамытуға үлкен мән беріліп, қазір біршама тәжірибені жинақтап үлгірді. Қашықтықтан оқыту технологиясының дидактикалық, технологиялық және қамтамасыз ету жүйелері дамытылып оқыту, білім және кеңес беру, тапсырмалардың орындалуын бақылаудың жаңа әдістері жетілдірілуде. Осы бағытта университет деңгейінде жүргізілген іс-шаралардың нәтижелеріне салыстырмалы талдау барысында қашықтықтан оқыту көптеген білімгерлердің таңдауы болып, қызықтылығымен ғана емес, тиімділігімен де білім алушылардың назарын өзіне аудартып отырғаны байқалады. Өскелең сұранысты қанағаттандыру үшін оқу үрдісінде интернетті қолдану және білім беру және оқыту ресурстарына білімгерлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, өз кезегінде қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім алушылар санының өсуіне әкеліп, Құқық және экономика факультетінің бір өзінде, оның саны 2017-2020 жылдары 332 ден 626 - бірлікке артқан.
Қазіргі жеке және әлем елдері кездесетін ауытқымалы даму, оның ішінде короновирус пандамеясына байланысты туындаған төтенше жағдайлар да қашықтықтан оқыту технологиясы өз миссиясын кедергісіз орындап, өзінің тиімділігі мен өміршеңдігін байқатып отыр деуге болады.
Жалпы қашықтықтықтан оқыту технологиясының жетілуіне жергілікті білім ошағының ролі зор. Мысалы, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ тәжірибесінде қолданысқа ие болған келесі қызметтердің пәрменді ықпалы болды, олар:
- қашықтықтықтан оқыту техногологиясының базасында студенттер мен тьюторлардың жұмыс жүргізуге арналған мәліметтер банкі құрылып, ұсынылуы;
- аталған технология бойынша сабақтарды өткізу үшін әдіскерлермен біріге отырып арнайы аудиториялардың жабдықталуы;
- үздіксіз жұмыс істейтін техникалық бақылаудың (орталықтанған электронды пошталық сервер арқылы пошта құру байланысы) орнатылуы;
- жоғары деңгейде жекелендіріп оқытуға мүмкіндіктің құрылуы;
- ақпараттардың жүйелі түрде жаңартылып отыруы;
- кафедралар бойынша оқитындар үшін кеңестер кестесінің бекітілуі;
- сабақтарды өткізу үшін сеттер арасындағы өзара байланыстар жүйесінің орнатылуы;
- қашықтықтықтан оқыту технологиясын қолдану нәтижелері бойынша тұрақты мониторингтің жүргізілуі.
Сонымен бірге университетте қашықтықтықтан білім алушыларға мемлекеттік білім беру стандарттарына сай мамандарды дайындау бағытындағы негізгі және таңдамалы пәндердің бағдарламалық бағыттарын игерудің дәстүрлі және электрондық оқу-әдістемелік кешендерімен бірге, оқытудың үлгілік типтегі нысандары құрылып, талаптарға сәйкестендіріліп, оны жүзеге асыру бір ізге қойылған. Мысалы, білімгерлерге пәннің модульдік бөлінуіне байланысты (пәннің мазмұны, күнтізбелік- тақырыптық жоспары, ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (негізгі және қосымша, интернет көздер және т.б.) курстың модулдік бөлінуі, қашықтықтан кеңестерді өткізу кестесі; дәрістер кешенімен бірге практикалық және семинарлық сабақтардың материалдары;зертханалық практикум (тапсырмалардың әдістемелік нұсқаулары, мысалдар және т.б.); білімгердің өздік жұмысы және оқытушы - тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар;аралық бақылауға арналған материалдар (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке және ситуациялық тапсырмалар және т.б.);қорытынды бақылауды ұйымдастыруға керекті материалдармен (емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) қамтылған.
Жоғары оқу орындарының тарапынан осындай қызметтердің сапалы көрсетілуі, білімгерлердің білім алу үрдісіне жауапкершілікпен және шығармашылық ұстаныммен қарауын қамтамасыз етеді. Одан басқа қашықтықтан оқыту, білім беру жүйесі инновациялық технологияларға бағдарланған қоғамның сұраныстарына жауап бере отырып, оқуға және білім, ақпарат алуға деген білімгерлердің құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі ретінде көптеген мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Осындай ауқымды қызметтер жүргізу нәтижесінде жүйелердегі базалық білім қорларының және басқа да деректердің банктегі мәліметтер көлемі артып, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелер, электрондык оқулықтар, оқу-әдістемелік материалдар қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімділікте болып, өркениетті қоғам сұранысын қамтамасыз етудің «бес аспап» құралы болатыны күмән келтірмейді.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,
экономика ғылымдарының кандидаты Шомшекова Б.К.
-
Фотографии
-