БІЛІМ БІЛІКТІ ҰСТАЗБЕН БИІКТЕЙДІ
Елдің бүгінгі келбеті баршамызды бей-жай қалдырмады. Елең еткізер дүние көп. Оның әсері ұстаздарға да тиді. Білім саласы бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырап, мұғалімдер жаңа бағытта жұмыс жүргізді. Ұлағатты ұстаздар біріне–бірі демеу болып, қолдау көрсетуде. Қашықтықтан оқыту жүйесі қалыпты жағдайға айналып, оқу процесі жалғасып жатыр.
Бұл ретте мамандық атауының иесі саналатын ұстаздардың еңбегін ескерусіз қалдыруға болмас. Олардың қажыр қайраттарының арқасында білім беру саласы белгілі бір белестерді бағындырды. Осындай белсенді жұмыс нәтижесінде Алматы облысы, Көксу ауданының ұстаздары алдыңғы қатардан көрінді.
Аудан орталығындағы орта білім беру мекемелерінің ұстаздары бірлесіп, біліктіліктерін көрсетуде. Бірі оқулықтардағы ақпараттарды жаңа форматта насихаттаса, енді бірі білім берудегі көрсеткен нәтижеге назар аударып отыр.
Бастауыш сынып оқушыларын қашықтықтан оқытуда білім алушылардың ынтасын одан ары арттыру маңызды. Осы мақсатты межені орындау үшін Қ. Жалайыри атындағы орта мектебінің мұғалімі Бидайбекова Фарида Алтынбекқызы 27 жылдық тәжірбиесін жас мамандармен бөлісіп келеді.
Ал, Н. Алдабергенов атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Дайырбекова Динара Ғабдулқызы болса, негізгі пәннің қыр-сырын жан-жақты түсіндіріп, бейнематериал жасады. Ел игілігіне азда болса қол ұшын созып, қолдау білдірді.
Білім беру ісінен басқа қоғамдық жұмыста да белсене араласатын қос ұстаз қажырлы еңбек етіп, елмен бірге бұл қиындықты еңсеретініне сенімді.
Алматы облыстық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-