Төтенше жағдайға байланысты «Біз біргеміз» акциясы жалғасуда
Төтенше жағдайға байланысты «Біз біргеміз» акциясы жалғасуда.
2020 жылдың 14-16 сәуір аралығында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» Қоғамдық Бірлестігімен, Маңғыстау және Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымдары мен әлеуметтік серіктес аудандық білім бөлімдерімен бірлесе отырып, елімізде Төтенше жағдай жариялануымен «Біз біргеміз» акциясы аясында білім беру ұйымдарында қызмет ететін көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған аз қамтылған отбасыларға, сонымен қатар зейнет жасындағы ардагер ұстаздарға қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
Шараға Маңғыстау ауданында, білім беру ұйымдарында қызмет ететін көп балалы 45 жанұяға азық-түліктерді табысталса, Мұнайлы аудандық кәсіподақ филиалы барлық бастауыш кәсіподақ төрайым-төрағалары да белсене атсалысты. Атап айтқанда, 88 отбасына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік топтамасы тарту етілді.
Акция барысында пандемия кезіндегі сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.
Облыстың кәсәіподақ ұйымдары «Біз біргеміз» акциясы аясындағы қайырымдылық шараларды одан әрі де жалғастыра бермек.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің
кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
https://youtu.be/nISQscl0eI0
-
Фотографии
-