БІЗ БІРГЕМІЗ
Пандемия кезінде қауіпті індеттің таралуына жол бермес үшін, білім ордалары қашықтықтан оқыту форматына көшті. Осыған байланысты күнделікті алуан сұрақтар өз шешімін табуда, мәселен Глубокое аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына күнділікті көптеген сұрақтар келіп түседі. Сұрақтардың негізгі бағыттары: кезекті еңбек демалысына байланысты, әкімшіліктердің жұмыс кестесіне байланысты, үстеме жұмыстарға байланысты. Осы сұрақтар талқыланып, нақты жауаптар берілді
Біз біргеміз акция аясында Глубокое білім беру қызметкерлері өз үлесін қосуда. Глубокое білім бөлімінің басшылығымен және Глубокое аудандық білім қызметкелерінің кәсіподақ мүшелері, короновирус инфекциясын алдын алу шараларын жүзеге асыруда. Мектеп (технология пәнінің) ұстаздары бетперделерді тігіп өз қызметкерлерін қамтамасыз етті және бетперделер зейнеткер ұстаздарға таратылды.
Бүгінгі қиын жағдайда, өз мүшелерін қолдау мақсатында «Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдықбірлестігі гуманитарлық (әлеуметтік пакет азық түлік) көмек көрсетті. Бұл көмекті, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста отырған ұстаздар алды. Мұндай көмекке білім мекемелерінің кызметкерлері өз рақметтерін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Глубокое аудындық білім беруқызметкерлерінің
қәсіподақ төрайымы А.Мусина
-
Фотографии
-