Подписано дополнительное соглашение
2020 жылдың 13-сәуірінде «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ арасында 2018-2020 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің «Еңбек ақы мен еңбек нормалары» бөлімінің 6.23 тармағына толықтырулар енгізу туралы Қосымша келісім жасалды. Қосымша Келісімге қол қойған жақтар «Елде немесе облыста төтенше жағдай режимі жарияланған кезеңде тараптардың кінәсінен емес бос тұрып қалу төлемі, тұрып қалудың алдындағы орташа жалақысы мөлшерінде және оның барлық қолданылу кезеңіне жүргізілсін» деген келісімге келді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-