«Біз біргеміз» атты қайырымдылық марафоны
Әлемнің бірнеше мемлекетіне тараған індет елімізді де сарсаңға салуда. Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, карантин шаралары күшейгенімен ауру жұқтырғандардың саны күн сайын артып келеді.«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» - дегендей індеттің алдын алу мен таралуына жол бермеу мақсатында Семей қаласы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы бірқатар шараларды жүзеге асыруда.
Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаеав айтқанындай: «Тәуелсіздікті баянды ету аңсар мұратымыз, өтпелі шақтағы қиындықты жеңу, азаматтық міндетіміз, ал тұрмысы төмен азаматтарға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету адамгершілік парызымыз». Осындай қиын-қыстау кезеңдемұқтаж жандарға қамқорлық жасау мақсатындақалалық, аудандық білім кәсіподақтары«Біз біргеміз» атты қайырымдылық марафондарынұйымдастыруда белсенділік танытты.Аягөз аудандық кәсіподағына қарасты қалалық білім беру мекемелерінің кәсіподақ ұйымдары елімізде болып жатқан індетке байланысты көмекті қажет ететін көпбалалы, аз қамтылған, тұл жетім, ата – аналарының қамқорынсыз қалған балалар, тұрмысы төмен отбасыларға, кәсіподақ мүшелеріне ақшалай, азық-түлікпен, гигиеналық заттар, киім-кешек, интернет желісіне кіру үшін тариф, бірліктермен демеушілік жасады.
Атап айтатын болсақ Аягөз ауданында, №1орта мектебі 61 отбасына 61 пакет (572000 тг.),Д.Бабатай атындағы орта мектебі-15 отбасына 15 пакет (75000тг),№3 орта мектебі-30(150000 тг.),№4 орта мектебі –30отбасына(240000тг.),№5 орта мектебі-45отбасына (337500 тг. көлемінде, 20 қап көмір),№6 орта мектебі-20отбасына 20 пакет(120000 тг),№7 орта мектебі бір отбасына жүз мың теңге көлемінде ақшалай,№9 бастауыш аралас мектеп 30 отбасына 30 пакет (195000 тг. көлемінде),№10 қазақ мектеп-гимназиясы-20отбасына 20 пакет (120 000 тг.), К.Бозтаев атындағы мектеп-гимназиясы – 12 отбасына 12 пакет (75600 тг.),көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы- 35 жанұяға 35 пакет(245000 тг),қалалық қазақ мектеп-лицейі-16 отбасына 16 пакет(80 000 тг) көлемінде көмек көрсетті.
«Кең болсаң-кем болмайсың» - деп дана халқымыз айтқандай, Үржар аудандық кәсіподағына қарасты білім беру мекемелерінің кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыруымен де бір күндік шаңғымен жүруұйымдастырылып, ауданның шалғай жерінде тұратын білім беру саласының еңбек ардагерлеріне көмек жасалды. Сондай-ақ, ауданның бастауыш кәсіподақұйымдарының қаражаты есебінен әр кәсіподақ мүшесіне бірнеше рет қолданылатын бетперделер тігілді. Б. Момышұлы атындағы орта мектеп оқытушылары 600 дана бетперде тігіп, халыққа көмек көрсетті және 205 дана бетпердені аз қамтылған отбасыларына таратты.
Бүгінгі таңда пандемияға байланысты жағдай күрделі болып отырғандықтан, әрбір қала мен ауданда волонтерлік ұйымдар жұмыс істеуде.Осындай қысылтаяң уақытта Бесқарағай ауданының кәсіподақ ұйымдары дашетте қалмай,волонтерлік ұйымдарғатіркеліп, ауыл тұрғындары үшін бетперделер тігуде үлкен жұмыстар атқаруда. Білім беру қызметкерлері кәсіподағының мүшелері халық арасындаүрей туғызбай, тыныштық пен төзімділік сақтау керектігі жөнінде әңгімелер жүргізді. "Біз біргеміз" акциясының аясында кәсіподақ ұйымынан қаражат бөлініп, жалғыз басты қарт адамдар, кәсіподақ мүшелеріне бетперделер мен азық-түлік түрінде әлеуметтік пакеттер таратылды.
Семей қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарында да коронавирустың таралуының алдын алу, қызметкерлерді вирустан қорғау, аурудың таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар профилактикалық шаралар жүргізілді.Осы мақсатта, қабылданған іс-шаралар аясында аумақтық ұйымның басшылығымен және кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып, бастауышкәсіподағы мүшелері үшін ғана емес, сонымен қатар оқушылармен, олардың ата-аналарымен де үлкен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілері онлайн режимде балалармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру және әңгімелесу жұмыстарын жүргізіп, ТЖ кезінде режимнің бұзылуына жол бермеу, санитарлық талаптарды сақтау, қашықтықтан оқыту шеңберіне дайындық және жұмыс істеу жөнінде кеңестер берді.
Білім беру мекемелерінің кәсіподақ ұйымдары ұжым мүшелері, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер үшін бетперделер сатып алуды ұйымдастырды. Көп балалы отбасылар да шет қалмады.Педагогтар ата-аналармен бірге бетперделерді тігу үшін материалдар сатып алуды ұйымдастырды, бұл мыңнан астам адамды осы қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұған Семей қаласының №12 орта мектебінің және басқа да ұжымдардың жұмысы мысал бола алады.
Кейбір мекемелердің кәсіподақ ұйымдары бетперделер, антисептиктер, қолғаптар, сондай-ақ адамдарды қолдауды қажет ететін ұжым мүшелеріне арналған бірқатар азық-түлік жиынтығын сатып алуға шешім қабылдады. Осы акцияларды өткізу кезінде еріктілер мен белсенділер үйіне барған кезде коронавирустен өзін және айналасындағыларды қалай қорғау туралы ұсыныстар мен түсініктемелер берді.Ұжымдар үшін барлығы 700 000 теңгеден астам бетперделер сатып алынды және тігілді. Және бұл жұмыс өзінің жалғасын табуда. Барлық кәсіподақ комитеті, кәсіподақ мүшелері заң қызметінің қызметкерлерінен, қалалық комитеттің жауапты қызметкерлерінен онлайн режимінде кеңес алуға, жұмыс тәртібі, еңбекақы төлеу, әлеуметтік қолдаудың басқа да мәселелері бойынша түсініктемелер алуға мүмкіндігі бар.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» - дегендей адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту еткен, зәру жандарға көкірегі қаяу жанға, қолдан келген жәрдемін ұсынып жатқан білім беру мекемелерініңкәсіподақ ұйымдарының бұл әрекеті өзге де еңбек ұжымдарына өнеге, үлгі.
Семей аймақтық ұйымы мен филиалдары короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу және болдырмау шараларын әлі де жалғастыра беретін болады. Бұл міндетті іске асыруда тек тәртіп пен бірлік қана қажет екендігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Біз бірлікке бекем болып, тәртіпке бағынсақ қана бұл қиындықтан бірге шығамыз.
Біздің күшіміз – БІРЛІКТЕ!
Қазақстандық білім және ғылым
қызметкерлерікәсіптік одағының