«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Ата – бабамыз сан ғасырлар бойы жаугершілік заманды бастан өткеріп, бейбіт өмірді қалаған халық екенін көрсетіп, бауырына өзге ұлттың баласын салып, бір үзім нанын бөліп беріп, дастаханын жайған қазақ қашан да қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес. Осыған орай, елімізде «Біз біргеміз» атты бірыңғай акция басталды.
Бұл игілікті істерді «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ жүйелі жүзеге асырып, бір кісідей атсалысуда. Барлық орта білім беру және мектепке дейінгі білім беру мекемлері елдегі төтенше жағдайға байланысты аурудың алдын алудың жолдарын қарастырып, «Бірлігі күші ел озады», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Біз біргеміз!», «Жылы жүрек» акцияларын ұйымдастырды. Мысалы, Жылыой ауданындағы барлық мектептердің ұстаздары 200-ден 400-ге дейін бетперделерін тігіп, күнкөрісі төмен отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға таратты. Махамбет ауданының бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында «Алтын-ай», «Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасының қызметкерлері «Біз біргеміз!» акциясы аясында 500-ге жуық қорғаныс бетпердесін де тігіп ауыл тұрғындарына таратты. Алға орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы жанынан құрылған Еріктілер тобы «Жақсылық жаса» акциясы аясында селодағы аз қамтылған 2 отбасына азық-түлік тағамдарын тегін апарып берді. Мұндай қайырымдылық істерді барлық ұйымдар атқарып жатқандығын атап өткеніміз дұрыс.
Коронавирустың таралуы және экономикада теріс салдардың пайда болуы жағдайында жұмысшылардың еңбек құқықтарының сақталуы басты назарда. Жаңа талаптарға сәйкес республикада білім беру мекемелеріндегі педагогтар мен білім алушылардың каникуль ұзақтығына өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, аймақтағы барлық жоғарғы оқу орындары мен колледжілерде қашықтан оқыту жүйесі жүзеге асып жатыр. Карантин кезінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік олдағы Атырау облыстық ұйымы» ҚБ әлеуметтік серіктістігі Атырау облыстық Білім беру басқармасымен арада жасалған 2018 – 2020 жылдарға арналған Салалық келісімге сәйкес білім беру қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарының бұзылмауын болдырмауды қатаң ұстап отыр. Бұл кезде олардың еңбекақылары 100 пайызбен сақталатыны ескертілді. Бүгінгі таңда білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу үшін республика Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мен ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 наурыздағы № 108 қаулысы басшылыққа алынып отыр. Каникул кезінде мұғалімдер үйлерінде отырып-ақ әдістемелік және сабақтарын дайындық жұмыстарын жасауға көшті.
Сонымен қатар төтенше жағдайға байланысты облыс ұстаздарынан кәсіби мүдделеріне қатысты арыз – өтініштер қабылдау электрондық пошта, whatsapp, fasebook арқылы жүгізілуде. Облыстық ұйымның заңгері Ю.А.Айбусынова тәулік бойы барлық сұрақтарға жауап беруде.
«Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол - бірлік» демекші, ел басына күн туған замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі десек, артық айтпағанымыз болар. Бірлік пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық .
Ел аман, жұрт тыныш болсын!
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-