ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ
Ақтөбе облысы, Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бастамасымен тұрғындарды ақпараттандыру және коронавирустық инфекцияның алдын-алу шаралары бойынша жұмыс қолға алынды. Ақтөбе облысының шалғай аудандарында кәсіподақтар бұл жұмысқа белсене үлес қосып жатыр. Мәселен, Ойыл аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы білім беру қызметкерлерін тегін медициналық бетпердемен қамтамасыз етуде. Ауданның орталықтан шалғайлығын, әрі дәріханаларда маскалардың жоқтығын ескеріп, 500 данадан астам бетперделер кәсіподақ мүшелеріне тегін таратылды. Бұл шаралар кәсіподақ мүшелерімізге және әлеуметтік әріптестерге осы қауіптерді азайту мақсатында күш біріктіріп, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдармен қамтамасыз етуге өз қолдан келген мүмкіндіктерімізді қарастыру үшін жасалып жатқан шаралар.
Кәсіподақ қалыс қалмайды. «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ» акциясының жалғасы есебінде қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру үшін Ақтөбе облысы, Ойыл аудандық кәсіподақ ұйымы «Жолшы» бөбекжай-бақшасы» МКҚК мекемесінің кіші қызметкеріне, көп жылғы кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғау бағытындағы еңбегін ескеріп, жалғызбасты ана, Жигадло Елена Владимировнаға қаржылай көмек көрсетті.
Ойыл ауданындағы Ж.Жүсібалиев қазақ орта мектебі, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы, Ойыл қазақ орта мектебі, Саға мектеп балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары Ж.Ержанова, Л.Сисенғалиева, Л.Бікірова, Д.Есенғазиналардың ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелерінің күшімен медициналық бетперде (барлығы 550 дана) тігіліп, мұқтаж жандарға таратылды. Сондай-ақ, «Біз біргеміз» бүкілреспубликалық акциясы аясында көп балалы және патронатты отбасыларға қолдау көрсетті. Көмекке мұқтаж кәсіподақ мүшелеріне арналған әлеуметтік пакет, оның ішінде азық-түлік пен санитарлық-гигиеналық құралдар жинақталып, (50 мың теңге көлемінде) табыс етілді. Аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендердегі мектептерге кәсіподақ мүшелерін қамтамасыз ету мақсатында Ойыл аудандық кәсіподақ ұйымының демеушілігімен бетперде тігуге арнайы (60 мың теңгеге) материалдар алынып берілді. Елімізде орын алған зауалдан қорғанудың бірден-бір жолы респираторлық құралдар. Кәсіподақ мүшесі, Ойыл қазақ орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Жаймағамбетова өз бастамасымен 500 медициналық бетперде тігіп, тегін таратты. Осындай қиын кезеңде қол көмегін созған әріптесімізге көп-көп рахмет айтып, ризашылығымызды білдіреміз. Жұмысшының әлеуметтік құқығын қорғаймыз.
Ойыл аудандық кәсіподақ ұйымы «Сіздердің сұрақтарыңызға жауап береміз» айдарымен аудандық білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ортақталықтандырылған әлеуметтік желі байланысы іске қосылды. Ол әлеуметтік желіде бүгінгі таңда елімізде орын алып отырған коронавирус пандемиясына байланысты қабылданып жатқан шаралар аясында жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында туындаған сұрақтар бойынша құқықтық және заңгерлік кеңес беру ұйымдастырылған. Сонымен қатар, қиындық тудырған сауалдарымызға Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиев кеңес берді. Пандемия жарияланғаннан бері 50 адамнан түскен сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Кәсіподақ мүшелеріне, кәсіподақ ұйымдарына еңбек заңнамасына сай, құқықтық көмек көрсетілді.
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының мүшелері төтенше жағдай кезінде бір кісідей жұмыстанып, ауызбіршілік танытуда.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ