Еңбеккерлердің қауіпсіздігі – басты назарда
Жуырда Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы Күреңбел және № 49 орта мектептерінің кәсіподақ белсенділеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
Еңбек мәртебесін көтеру, білім беру мекемелеріндегі еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың біліктілігін арттыру мақсатында өткен шара барысында «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ-нің Кербұлақ аудандық филиаланың төрағасы Жақан Дуанаев мекемедегі еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына, өрттің алдын алу үшін жүргізілген шараларға аса мән беріп, өндірістік кеңестің жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, еңбек, физика, химия, информатика пәндерінің оқу бөлмелерін, зертхана мен өндірістік шеберханалар, жылыту қазандығы орнатылған орындарды аралап көрді. Кабинеттердіңсанитарлықталапқа сай, ақпараттық стендтердің болуына назар аударды.
Орын алған кемшіліктерді жою бойынша техникалық инспекторларға кеңес берілді.
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-