Панфилов ауданында жас ұстаздармен дөңгелек үстел өтті
Жуырда «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ-нің Панфилов аудандық филиалы Диханқайрат орта мектебінде «Жас мамандардың мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсем Күлсейітованың төрағалығымен өткен шара барысында жастарға мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетіліп жатқан қолдау, жастардың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, жас мамандар «Қаладан шалғай орналасқан елді мекендерге жастар шынымен ауылды көркейту үшін бара ма?», «Өзіңізді жас маман ретінде қоғамға қандай үлес қосамын деп ойлайсыз?», «Мемлекет тарапынан жас мамандарға қандай мүмкіндіктер бар деп ойлайсыз?» - деген сұрақтарға жауап беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.
Мектеп директоры Айдос Тұрапбеков ұжымда «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын алған мамандардыңбарын, бүгінгі күні олардың білікті, кәсіби деңгейі жоғары, еңбекқор мамандарға айналғанынатап өтті.
Панфилов аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Мақытбек Тұрлыбековжас мамандармен еңбек жолындағы тәжірибесімен бөлісті. «Бүгінгі таңда құрамында 5 мыңнан астам мүшесі бар Панфилов аудандық кәсіподақ филиалы жанынан құрылған Жастар Кеңесі жұмыс жасайды. Кәсіподақ мүшелерінің 786-сы 29 жасқа дейінгілер. Өткен жастар жылы аясында Кеңес мүшелерімен бірлесе көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, облыстық ұйым тарапынан жақсы бағаланды. 2020 жылы да жақсы нәтиже көрсетеміз деп сенемін», - деген сөздермен шараны қорытындылады.
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі