«Тұрақты кәсіподақ - тиімді қызметтің негізі»
Үстіміздегі жылдың наурыз айының екісі күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының 2019 жылғы жұмыс қорытындысы мен есебі тыңдалды.
Жиналысқа 65 бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымдары қатысты. Жиналысты кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Енсегенова қатысушыларға алғашқы шуақты көктемнің мейрамы – «Алғыс айту» күні мерекесіне арналған жылы тілектерін арнады. Одан әрі К.Енсегенованың«Тұрақты кәсіподақ - тиімді қызметтің негізі»тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.
Кәсіподақтағы қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмысының тиімділігікәсіподақ ұйымдарының ұйымдастырушылық қызметін нығайтужөнінде әрдайым тұрақты жұмысты талап етеді. Егер әрбір кәсіподақ ұйымындағы ұйымдастырушылық жұмыстары жоғары деңгейде болса, ұжымдық шарт міндетті орындалып отырса, еңбек адамдарының мүдделері дер кезінде қорғалып реттеліп отырса, кәсіподақ ұйымында іс-әрекет бірлігі мен ұйымшылдығы сақталса, кәсіподақ мүшелерінің тұрақтылығы басым болатындығы сөзсіз. Нақтырақ айтқанда, ұжымдағы еңбек қатынасына байланысты мәселелер шешілмейтін болса жұмыс беруші өкіліне қарамай, дер кезінде кәсіподақ ұйымына жеткізіліп отырса, туындаған жағдайлар өз шешімін табар еді.
Кәсіподақтың міндеті, еңбек қызметкерлерінің мүддесін қорғау және қолдау екендігі әрдайым басты назарда болуы бойынша орнықты тұжырымдамалар айтылып өтті. Ақтау қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымында 2019 жылы өткізілген мәдени іс-шаралар, қайырымдылық қолдау, еңбек қатынастарына, еңбекақы төлеу жүйесіне байланысты қаралған арыз-шағымдардың 130 ауызша және 22 жазбаша сұрақтарға жауап жолданып, оң шешімінің табуына, кәсіподақ қызметкерлерінің мүдделері қорғалғандығы туралы нақты мысалдармен баяндалды. Атқарылған іс-шаралар, қалалық кәсіподақ ұйымы есебінен жұмсалған шығыс көрсеткіштері толықтай бейнеэкраннан ашық көрсетілді.
Жиналыс соңында, кәсіподақ ұйымымен бірлесе жұмыс атқарған, өз бастауыш ұйымы қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғауда, жұмыс беруші тарапынан жіберілген кемшіліктерге жол бермеу барысында өз міндеттерін тиімді, мақсатты жүргізіп келген және қаржылық есепті уақытылы тапсырып отырған 11 белсенді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалы кәсіподақ ұйымы жанынан арнайы дипломдар мен сыйақымен марапатталды.
Сонымен қатар 2019 жылы мерейлі 50 жас, 55 жасқа толған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдары және №16 о/м А.Тажекенова, №31 б/б Л.Шведова 60 жас иелеріне Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы атынан Оңтүстік «Термал Резорт» шипажайына 50 пайызбен сертификат табысталды және жыл бойы еңбек адамдарының мүдделерін қорғауда қосқан үлестеріне алғыс білдіре отырып, көктем айындағы мерекелерімен құттықтай келе барлық бастауыш кәсіподақ ұйымының басшыларына 5000 теңге көлемінде «сыйлық сертификатымен» марапатталды, жиын соңы құттықтаулар мен сазды әуенге ұласты.
Жиынға қатысушылар бүгінгі таңда мүдделері мен құқықтарының қорғалып келетіндігі, «кәсіподақ қолдаушы» күші екендігіне өз алғыстарын жеткізді.
№20 орта мектептің бастауышкәсіподақ
ұйымының төрайымы Роза Қилыбаева
-
Фотографии
-