АЛҒЫС АЛҒАН АРЫМАС
Алғыс айту күнін Ақтөбе облысы Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы да кең көлемде атап өтті. Білім беру саласында ұзақ жылғы жемісті еңбегі мен жас ұрпақты тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы да ардагер ұстаз Гниломедова Любовь Тихоновнаның мерекеге орай келген 70 жас мерейтойымен аудандық кәсіподақ төрайымы Г.Избагамбетова құттықтады. Ардагер ұстаз Л.Гниломедова өз сөзінде «Бұл мейрам ұлттар татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеріп, ел ынтымағын арттыруға ықпал ететін мереке», - дей келе кәсіподақ ұйымына, өз ұжымына алғысын білдірді.
«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ» акциясының жалғасы есебінде қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру үшін Ойыл аудандық кәсіподақ ұйымы «Жолшы» бөбекжай-бақшасы» МКҚК мекемесіне жол тартты. Көп жылғы кәсіподақ мүдделерін қорғау бағытындағы еңбегі ескеріліп, Ойыл ауданы «Жолшы» бөбекжай-бақшасының жұмысшысы, жалғызбасты ана, Жигадло Елена Владимировнаға 20000 теңгенің сертификаты табысталды. Кәсіподақ мүшесі Е.Жигадло Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымына, Ойыл аудандық кәсіподақ ұйымына аналық алғысын айтып, кәсіподақ тарапынан үнемі қолдау көріп отырған ұжым атынан шексіз ризашылығын білдірді.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ