«Еңбек шартының маңыздылығы»тақырыбындағы облыстық семинар
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің ұйымдастыруымен,Мұнайлы ауданының №1орта мектебінің базасында,«Маңғыстау облысы білім қызметкерлерінің құқықтық білімін арттыру» облыстық акциясын жалғастыруда «Еңбек шартының маңыздылығы»тақырыбында көшпелі семинар өткізілді.
Семинарға ауданның білім беру ұйымдарыныңбасшылары, кадр қызметкерлері, есепшілері және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары барлығы90-ғажуық мамандар қатысып, әр түрлі нормативтік құқықтықактілер бойынша сұрақтарға талқылау жүргізілді.
Семинарға қатысушыларғаОблыстық кәсіподақтың төрайымы Тәрбия Бәйімбетова еңбек шартына сынақ мерзімі шарттарының енгізілуі, қосымша жұмысқа бұйрықты шығару, өндірістік қажеттілікке орай, уақытша басқа жұмысқа ауыстыру жөніндегі міндеттіліктертуралы айтып өтті.
Семинар барысында,еңбек шартына,өзге де нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тәжірибеде қолданудың өзекті мәселелері мен еңбек қатынастары бойынша теориялық білімнің негіздері жөнінде Кәсіподақтың құқықтық мәселелер бойынша бас маманы Наталья Храмова түсінікберді.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ