«Аяла» орталығындағы Алғыс айту күні
1-наурыз – Алғыс айту күніне орай Ақтөбе қаласындағы «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында «Ризашылық мейірімділік бұлағы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ақтөбе облыстық ұйымының бас маманы А.Серімбетов, білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің басшысы Қ.Алдажаров, «Болашақ», «Жүректен жүрекке», «Қайырымды жандар» еріктелер тобы және де «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының қорғаншылық кеңесінің мүшелері мерекелік шараның құрметті қонақтары болды.
Шара барысында орталықтың директоры Ө.Текешов облыстық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапатталып, облыстық кәсіподақ ұйымының есебінен кәсіподақ мүшелеріне сыйақылар ұсынылды.
Орталықтың бір жылдық мерейтойы Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келді. Осыған орай «Аяла» орталығының алғашқы түлектері де ұшып шыққан ұяларын құттықтап, өз алғыстарын білдірді. Еріктілер тобына ерекше қолдаулары үшін облыстық білім басқарамасының атынан ризашылық білдіріліп, алғыс хаттар табысталды.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-