«Шын жүректен алғыс айтамын!»
2020 жылдың 29 ақпанында«Еріктілер»жылы және«1 наурыз - Алғыс айту» күніне орай облыс көлеміндегі барлық орта білім беру ұйымдарында осындай тақырыптажаппай кіші қызметкерлерге жәрдем беру акциясы өткізілді.
Мақсаты: оқу орындарындағы кіші қызметкерлердің еңбектерін бағалау,оларға құрметпен қарауға дағдылану, қоғамдағы рөлін арттыру, жастар арасында табыстың еңбекпен келетінін кең көлемде дәріптеу.
Шараға Қызылорда облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ жанынан құрылған Жастар Кеңесінің мүшелері, орта білім беру ұйымдарының еріктілер тобы қатысты. Жастар Кеңесінің мүшелерінің бір тобы қала, аудан аумағындағы орта мектептерді аралап жылы лебіздері мен ықыластарын білдіріп, гүл шоқтарын табыстады.
Қызылорда облыстық білім және ғылым
қызметкерлерікәсіподақ комитетінің Жастар Кеңесі
-
Фотографии
-