Алакөл ауданында үздік бастауыш сынып мұғалімі анықталды
«Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Алакөл аудандық филиалы мен аудандық білім бөлімі бірлесіп, ұстаздардың біліктіліктерін арттыру және тәжірбиесімен бөлісу мақсатында «Үздік бастауыш мұғалімі-2020» байқауын өткізді.
Оған білім беру мекемелерінен 14 мұғалім қатысты. Бастауыш сынып мұғалімдері алғашқы кезеңде тәжірбие алмасты. Ағымдағы жылдың 7-21 ақпан аралығында күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес ашық сабақтар өткізді. Заманауи құрылғыларды пайдаланып, 20 минут ішінде біліктіліктерін көрсетті.
Ал, келесі кезеңде ұстаздар қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды бастауыш сыныпта қолданысқа енгізу тәсілдерін көрсетіп, оқушыға беретін әсерін нақтылады.
Шараны аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Кенжебек Алпысбаев, оқыту әдістемелік орталығының әдіскерлері Жұлдыз Мырзаханова, Әсем Төлегенова, Маржан Ақжолова, аудандық білім бөлімінің бас маманы Лаура Дулыхановалар бағалап, үздіктерді анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Қабанбай батыр атындағы орта мектебінің мұғалімі Эльмира Кушегенова иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Барлық қатысушыларға аудандық кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтары табыс етілді.
«Алматы облыстық білім және ғылымқызметкерлері кәсіподақ
ұйымы» қоғамдық бірлестігініңАлакөл аудандық филиалы
-
Фотографии
-