Ұлытаулық ұстаздармен кездесу
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымының өкілдері Ұлытау ауданы білім бөлімінің №1 жалпы орта білім беру мектебінің ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында аумақтық кәсіподақ ұйымының заңгері Дархан Жақыпбек Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» заңын таныстырды. Заң нормаларын, талаптарын, ұстаздардың құқықтары мен міндеттерін және оларға бағытталған жеңілдіктері мен басым тұстарына тоқталды. Заңды талқылау барысында кәсіподақ мүшелері қолданыстағы еңбек заңнамалары бойынша көкейкесті сұрақтарын қойды.
Сонымен қатар, кездесу барысында аумақтық кәсіподақ ұйымының бас бухгалтері Самет Досетова педагогтерді сауықтыру, әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында аумақтық кәсіподақ ұйымының заңгері Дархан Жақыпбек кәсіподақ белсенділерін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-