Кәсіподақ қозғаушы күш
Кәсіподақ өкілдері Тереңкөл ауданындағы Песчан жетім балаларға арналған № 2 арнайы мектеп-интернатының ұжымымен кездесті. Жиынға«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Г.Жәркенова, облыстық білімберу басқармасының орталықтандырылған есеп бөлімінің топ басшысы Ж.Темірболатова, облыстық білім беру басқармасының балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің бас маманы Г.Жүнісова, аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Омарова қатысты.
Кездесудің мақсаты ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заң бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу және ұжымда туындағын бірқатармәселелерді қарастыру болатын. Бірінші мәселе бойынша, Гүлшат Оралқызы заңның баптары туралы ақпараттар берді. Сонымен қатар, заңды қабылдаудағыкәсіподақ ұйымының қосқан үлесі және жалпы кәсіподақ ұйымының басты міндеттері мен мүдделері жөнінде айтты.
Еңбекақыға қосылатын төлемдер бойынша Жанар Шотқызы түсініктеме берді. Кездесу барысында ұжымнан келіп түскен өтініштер мен еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша көптеген сұрақтар қарастырылды. Мәселен, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.Жұмабекова мектеп-интернатта сынып жетекшінің міндетін атқаратынын, бірақ сынып жетекшілікке жеке еңбекақы төленбейтінін айтты.А.Тұргымбаева медицина қызметкерлерінің еңбекақысы жөнінде сауалын жолдады. Ол жазғы лагерьде балалармен бірге болатын тәрбиешілерге тек 7 сағатқа ғана еңбекақы төленетіндігі туралы мәселе көтерді.Бұл сұрақтар бойынша Жанар Шотқызы қажетті құжаттарды қарастырып, толық жауап беретіндігін және бақылауына алатындығын жеткізді. Кездесу соңында директордың м.а. И.Семкина кездесу барысында көкейде сұрақтардың шешімі табылып, пайдалы ақпараттар алғанын айтып, ұжым атынан алғысын білдірді.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде, жыл басынан бері бұл мекемеде облыстық кәсіподақ ұйымының араласуымен еңбекақының дұрыс есептелмеуіне байланысты 182000 теңге, мүгедек баласы бар қызметкерлерге Салық кодексінің 156 бабында көрсетілген жеңілдіктер бойынша еңбекақысына қайта есептеу жүргізіліп, екі қызметкерге жалпы 128924 теңге қайтарылды.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар
облыстық ұйымы» ҚБбаспасөз қызметі
-
Фотографии
-