ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінде «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» тақырыбында қайырымдылық акциясы өтті.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе туа бітті денсаулығында кемістігі бар бала тағдыры. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Биыл Түркістан қаласындағы №24 жалпы орта мектепте «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен инклюзивті сынып ашылды. Сыныптың мақсаты - қимыл қозғалысы және ақыл-есіне, әлеуметтік экономикалық жағдайына қарамастан сапалы білім беру, олардың потенциалдық дамыту мүкіндігіне ие болуға көмектесу. Қайырымдылық акциясы аясында Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті мүмкіндігі шектеулі балапандарды ынталандыру, қуанту мақсатында сыныптағы балаларға сый – сияпат жасады.
Түркістан қалалық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ комитеті
-
Фотографии
-