ЖЫЛ ҚОРЫТЫЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ жоспарлы Комитет пен Атқару комитетін өткізіп, жыл қорытындысын шығарды. Комитеттің күн тәртібіне сәйкес, Облыстық ұйымның Жылыой комитет филиалының 2018 – 2020 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы келісім талаптарының орындалуы, облыстық қоғамдық бірлестік, филиалдар мен бастауыш ұйымдардың 2019 жылғы қаржылық сметасының орындалуы мен Бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ кезекті ХХІХ конференциясының шешімдерінің орындалуы талқыланып, келер жылдың жұмыс бағыттары белгіленді.
Бас қосуда ұзақ жылдан білім мен ғылым беруде және ұйымның жұмыстарын жүзеге асыруда белсенділік көрсетіп жүрген бір топ педагогтар ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Кәсіподақтар Федерациясының және республикалық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының марапаттарына ие болды.
«Ұстаздық еңбек»
-
Фотографии
-