ЖЫЛ ТАҢДАУЫ – 2019
Қызылорда облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен 2019 жылы үздік деп танылған мектеп ұжымдарымен мұғалімдерді марапаттауға арналған мерекелік шара «Болашақ» унверситетінде өтті.
Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің білім жүйесіне, әсіресе педагог қауымына айрықша көңіл бөлді. Саналы ұрпақ, білімді азамат, мемлекетшіл тұлға қалыптастыру – педагогтардың еншісінде екені белгілі. Сондықтан да, педагогтың мәртебесін айқындау, оның құқықтарын белгілеу, мемлекет тұрғысынан қолдау, талантты жастардың осы салаға бет бұруына, еліміздің әлемдегі ең озық елдердің қатарына кіру мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашты.
Білім қызметкерлерінің еңбек етулеріне қолайлы жағдай жасаған, еңбек қатынастарының заң аясында реттелуіне ықпал жасаған, педагогикалық тәжірибені таратқан бірқатар білім ордаларымен шығармашылықпен жұмыс жасаған ұстаздарды Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Байназарова Райкүл Мансүрқызы,«Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі, э.ғ.д, ҚРҰАА, профессор Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы
«Үздік әлеуметтік әріптес», «Ынтымағы жарасқан ұжым», «Үздік технологияларды қолданушы», «Жаңа идеялар жаршысы», «Өнер-білім шамын жаққан», «Шеберлік шыңына шыққандар», «Шәкіртті шебер шыңдаған», «Дарын жанашыры», «Креативті ұстаз», «Жас инноватор ұстаз» номинациялармен марапаттады.
Сонымен қатар Қазақстандық Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауында жүлделі 3 орын алған Қызылорда қаласы №198 орта мектебінің директоры Садықбекова Анжела Акмурзайкызына қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігіне жағдай жасағаны үшін Алғыс хат тапсырылды.
-
Фотографии
-