Алматы облыстық кәсіподақ ұйымы кезекті атқару комитетінің отырысын өткізді
Бүгін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің отырысын өткізді. Оған аудандық, қалалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, есепшілер мен мамандар қатысты.
Аталған жиынның күн тәртібінде Кербұлақ, Қаратал аудандық филиалдарына қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұжымдық шарт талаптарының орындалуы, кәсіподақ жанынан құрылған жастар Кеңесінің жұмысы және кәсіподақ мүшелерін сауықтыру шараларының қорытындысы қаралып, қажетті қаулылар қабылданды.
Шара соңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен сала ардагері Равиль Хамитов пен Панфилов аудандық филиалының төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков, «Еңбек ардагері» белгісімен Сағымбала Төкенова марапатталды.
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-