Алматы облыстық білім саласы кәсіподақ ұйымының Кеңес отырысы өтті
Бүгін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы кезектен тыс Кеңес отырысын өткізді. Оған Кеңес мүшелері, барлық кәсіподақ төрағалары мен белсенділері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ХІV съезі шешімдерінің орындалуындағы міндеттер мен мақсаттары» қаралды.
Талдықорғандағы «Рухани жаңғыру» орталығында өтілген шарада облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Нұрсапаұлы Әбдіқадыров күн тәртібіндегі мәселеге қатысты баяндамасында кәсіподақтардың негізгі бағыттарына тоқталып, ағымдағы жылдың 9 қазанында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ХІV съезі өтілгенін және есептік кезең аралығында атқарылған жұмыстар қорытындыланғанын жеткізді. Сонымен қатар, съездің шешімін облыс көлемінде насихатталуы, жүзеге асырылу барысына арналған жұмыс жоспарын құрылғанын және кәсіподақтың алдағы бес жылдықта орындалатын мақсаттар мен міндеттеріне тоқталды. Қоғамдық бірлестіктің жұмысын жандандыру жолында Кеңесі мүшелерін бірлесіп нәтижелі жұмыс атқаруға, кәсіподақтардың идеологиясын дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды.
Кеңес мүшелері XIV Кәсіподақ Съезінің шешімдерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары және қаулының жобасымен толық танысып, бірауыздан қабылдады.
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-