«Үздік кәсіподақ көшбасшы – 2019» облыстық байқауы өтті
Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Үздік кәсіподақ көшбасшы – 2019» облыстық байқауын өткізді.
Шарада облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы Шиелі аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Құдайбергенов Рысдаулет Ибрагимұлына ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Төс белгісін және оқушылары 2019 жылы «Алтын белгі» иегері атанған бірқатар бастауыш сынып мұғалімдеріне қажырлы еңбегі үшін Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына туристік саяхатқа жолдама тапсырды.
Қоғамда болып жатқан өзгерістерден шет қалмай, ұстаздар қауымымен жастардың әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда еліміздегі заңдарға сәйкес әлеуметтік әріптестіктің үлгісін көрсетіп, ұстаз игілігіне өз күш жігерін жұмсап жүрген қоғамдық ұйым-ол бастауыш кәсіподақ ұйымы.
Биылғы қабылданған Жол картасында бастауыш ұйымдарының жұмысын жандандыру, рөлін арттыру мәселелеріне аса көңіл бөлінген.
«Үздік кәсіподақ көшбасшы – 2019» байқауында бақ сынағандар ұжымдағы атқарып жатқан кәсіподақ жұмысын жандандырудағы тың идеяларымен қатар, еңбек заңы мен ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Қорытындысында Нұртаева Айгүл Исақызы Қызылорда қаласы №267 мектебінің бастауыш ұйым төрайымы І орынды, Искакова Айгерим Жалағаш ауданы №123 мектеп-лицейі және Досмаханова Бану Қызылорда қаласы №172 мектебі ІІ орынды,Аубакиров Батырбек Сырдария ауданы №147 мектебі және Кенжебекова Алтын Қармақшы ауданы №18 «Қуаныш» балабақшасының бастауыш ұйым төрағалары ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қазақстандық салалық білім кәсіподағының Қызылорда облыстық ұйымы
-
Фотографии
-