Талдықорғанда Тәуелсіздік мерекесі аталды
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Алматы облысындағы салалық кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыруымен салтанатты жиыны өтті.
Оған облыстық, аудандық, қалалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, сала ардагерлері, белсенді мүшелері қатысты.
Атаулы шарада Алматы облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Әсет Қыдырманов сөз алып, ата-бабамыздың армандаған асыл мұратына жетіп, егемен ел атанғанына 28 жыл толуымен құттықтады.
Келесі кезекте Алматы облыстық білім және ғылым қыметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров пен облыстық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы Сәуле Ақмадиева өздерінің құттықтауларын жеткізді.
Жоғарыда аталған кәсіподақ өкілдері облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, облыстық маслихаттың Құрмет грамотасы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төс белгісі, Құрмет грамотасы, облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасын кәсіподақ белсенділеріне табыс етті.
Салтанатты жиын соңында түске дейін өтілген «Бастауыш кәсіподақ ұйымы-2019» байқауының қорытындысы жарияланып, бірінші орынды Қаратал ауданы, Морозов атындағы 51 орта мектеп-гимназиясы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнаш Жұмабаева, екінші орынды Сарқан ауданы, Бірлік орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алтынгүл Шопатова, үшінші орынды Талдықорған қаласы, Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айжан Шаяхметова иеленді. Байқау жеңімпаздарына облыстық ұйымның дипломдары мен бағалы сыйлықтары табысталды. Ал, қатысушыларына Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлығы берілді.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-