«Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауы өтті
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы 2019-2020 оқу жылын «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы», - деп жариялады.
Осыған орай, бүгін облыстық ұйым «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы-2019» байқауын өткізді. Оған аудандық, қалалық деңгейде өтілген іріктеу кезеңінің 9 жеңімпазы қатысты.
Байқаудың мақсаты – білім беру мекемелерінде қоғамдық жұмысты жандандырып жүрген бастауыш кәсіподақ ұйымындағы төрағалардың беделін арттыру болып табылады.
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шарада Алматы олыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға қысқаша анықтама беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Кәсіподақтың күре тамыры болып саналатын бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары білім беру мекемелердегі еңбек ұжымымен бірлесе өткізілген іс-шараларын, қоғамдық жұмыста қолданылған жаңа әдістерін, ардагерлер мен жас мамандардың қатысуымен ұйымдастырылған жұмыстарын көрсетіп, бұқаралық ақпарат құралдарына шығарған мақалалары және жетістіктерін көршілікпен бөлісіп, шара барысында өзара тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, жергілікті жерлерде кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғап, сала қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға атсалысып жүрген бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары аталған байқауда өздерінің ұсыныстарын білдірді.
Бұғанға дейін, облыстық ұйымның бастамасымен жыл басынан бері әр айдың үшінші жұмасында «Бастауыш кәсіподақтағы бір күн» шарасы тұрақты өтіліп, 144 бастауыш кәсіподақ ұйымына әдістемелік көмек көрсетіліп, жұмыс барысын реттелген болатын.
Екінші жыл қатарынан өткізілетін байқаудың қорытындысы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынында жарияланып, жеңімпаздар облыстың ұйымының дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етіледі.
Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-