Мұғалжардағы волейболдан жарыс
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы білім қызметкерлері арасында облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы мен аудандық кәсіподақ ұйымының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты жасалған іс-шара жоспарына сәйкес волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа аудан білім мекемелерінен 12 команда қатысты. Жарыстың мақсаты кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаз болған команда мүшелері аудандық кәсіподақ ұйымы атынан кубок,медаль,бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ