Мөлдір бұлаққа 10 жыл
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында «Мөлдір бұлақ» мектепке дейінгі ұйымының ашылғанына 10 жыл толуына байланысты «Балалардың бал мекені «Мөлдір бұлаққа» 10 жыл» мерекелік шарасы өтті. Мерейтойда балабақшаның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жәмиева Назерке балабақша қызметкерлерін құттықтап, көп жылдық еңбек өтілдері бар тәрбиешілер мен қызметкерлерге аудандық кәсіподақ ұйымының атынан Алғыс хат пен сыйлықтар табыстады.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ