Мәртөк мектебіндегі дөңгелек үстел
2019 жылы желтоқсан айының 6 күні «Əйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою туралы халықаралық 16 күн» акциясында Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы №4 Мəртөк жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық кəсіподақ ұйымының төрағасы Ордабаев Мухамбетдин Алиевичтің қатысуымен бастауыш кəсіподақ ұйымының төрайымы Мухашова Хадиша Дауылбаевна мектеп қызметкерлері арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел үстінде зорлық-зомбылықты болдырмау, отбасындағы қатыгездіктерді алдын алу, пікірталастар айтылды. Осындай тақырыпта кəсіподақ ұйымының төрайымы Балгазина Астана Камашовнаның ұйымдастырумен Аққайын жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ