Шалқар ауданындағы шара
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «№6 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 4 желтоқсан күні «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Қыраубаеваның ұйымдастыруымен шара өткізілді. Шараға аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бекетова Маржангүл Қалдауқызы, №2 мектеп-гимназиясының аналар кеңесінің төрайымы Құдайбергенова Орал Сағымқызы, Шалқар ауданы полиция тобының аға инспекторы және қосымша әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күрес инспекторы, полиция капитаны Сүлейменов Нұржан Досқалиұлы қатысты. Шара барысында бейнероликтер көрсетіліп, психологиялық тренингтер өткізілді. Мектеп мұғалімдері, кіші қызметкерлер, интернат ұжымы болып 3 топқа бөлініп, постер қорғады. Шараға келген қонақтар өз ойларын айтып, ақыл-кеңестерін берді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ