Қосестектегі семинар
29 қараша күні Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрайымы Г.Байменшинаның ұйымдастыруымен «ҚР білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарын реттеу» атты семинары өтті. Аталған шараға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ бас маманы А.Алимпиев, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен кәсіподақ белсенділері қатысты. Семинар барысында бас маман білім ұйымдарындағы еңбек қатынастарын реттеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, барлық қойылған сұрақтар өз шешімдерін тапты. Қатысушыларға сертификаттар табысталды. Сазды орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ш.Буряк «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ тарапынан жемісті еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сонымен бірге Қос-Естек орта мектебінде және «Балауса» бөбекжайында қоғамдық бақылау жүргізілді. Қоғамдық бақылау кезінде ұжымның еңбек шарттары, оқу жүктемелері және сабақ кестелерімен танысып, кейбір құжаттарды толтыру үлгілері туралы кеңестер берілді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ