Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымының төрағасы Марат Даупаевтың төрағалығымен Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті. Мәжіліске Атқару комитетінің мүшелері, БҚО кәсіподақтар орталығының басшысы, №14,17,44 ЖОББМ басшылары, есеп беруші аудандық, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары мен Жастар комитетінің төрайымы, сонымен қатар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ аппаратының бас мамандары қатысты.
Күн тәртібіндегіБатыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, кәсіподақ төрағасы М.Даупаев «Мүшелік кәсіподақ жарналарын төлеу, бөлу және жұмсау тәртібі туралы Ережеге» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы талқылап, бас маман – заңгер Г.Курмангазиева «Бастауыш кәсіподақ ұйымдары туралы Ережеге» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы және де Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымындағы кәсіподақ мүшелерінің құқықтық мүдделерінің қорғалуы бойынша жасалып жатқан жұмыстардың жағдайы туралы айтып өтті. Өз кезегінде бас есепші Г.Хаирлиева сөз алып, мүшелік кәсіподақ ұйымдарында 2019 жылдың «Ақжайық», «Сарыағаш» және т.б. шипажайларда сауықтыру қорытындысы және 2020 жылға жоспар бойынша шипажайлармен келісім шарт жасасу туралы баяндады.
Келесі кезекте БҚМУ бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы М.Сулейменовтың, Жастар кеңесінің төрайымы И.Бадақованың, Ақжайық аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Умбеталиевтің, Қалалық №9 ЖОББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Е.Коломицкаяның, Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп – интернаты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Абуевтің баяндамалары тыңдалып, кейбіркөтерілген мәселелер Атқару комитетінің мүшелерімен талқыланып, ой – пікірлер айтылды.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер толық қамтылып, қаралған сұрақтар бойынша Қаулылар қабылданды.
Батыс Қазақстан облыстық білім және
ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы
-
Фотографии
-