Хромтау ауданындағы «Ризашылық» күні
Жан жылуы мен мейірім мерекесіне айналған «Ризашылық» күні аудан балаларына қуаныш сыйлады.
Ақтөбе облысы Хромтау аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін «Ризашылық» мерекесімен аудан әкімінің орынбасары Меткүл Қосымбаева, аудандық білім бөлімінің басшысы Рустам Биржанов және аудандық білім қызметкерлеріңің кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлжан Аканова құттықтап, кәсіподақ ұйымының демеушілігімен балаларға қайырымдылық көмек жасады.
Қайырымдылық акциясына әлеуметтік педагогтар мен оқушылар да өз үлестерін қосып, балаларға шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
«Ризашылық» қайырымдылық іс-шарасы «Асыл-Ордам» оңалту-сауықтыру орталығында жалғасын тапты. Орталыққа келуші ерекше білім беруді қажет ететін балаларға массаж жасаушы, аталған орталық тәрбиеленушісінің анасы, Светлана Сальниковаға да демеушілік жасалып, 40000 теңге көлемінде қаржылай сертификат табысталды.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ