Қарғалыдағы дөңгелек үстел
Ағымдағы жылдың 25 қарашасынан Ақтөбе облысы Карғалы ауданы білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жоспарына сай «Үйдегі тыныштықтан Жер бетіндегі бейбітшілікке - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатайық!» ұранымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясына іс-шара ұйымдастыруда. Ұйымдастырылған шара барысында баяндамалар оқылып, «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында пікірсайыс, дөңгелек үстел кезінде әйелдердің теңдігіне, қауіпсіздігі мен бостандығына қатысты құқықтар мен қағидаларды жан-жақты талқыланды. Акцияның негізгі мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға жол бермеу. Акция 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында жүргізіледі.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ