Ақтөбе облысындағы семинар
2019 жылдың 3-4 желтоқсан күндері Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруыменҚазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мукашева, заңгері Р.Қыдырбаева және бас есепшісі Г.Тоқабаеваның қатысуымен «Жаһандану жағдайында білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жұмысының өзектілігі» атты семинар өтті.
Жұмыс тобының негізгі міндеті – «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына енгізіліп жатқан өзгерістерді түсіндіру, әлеуметтік әріптестіктің ролі мен еңбек қатынастары, кәсіподақ ұйымдарында есеп жүргізу тәртіптері жөніндегі сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3-желтоқсан күні ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында «Кәсіподақ ұйымдарындағы қаржылық жұмыс және бухгалтерлік есеп жүргізу» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, бухгалтерлік есепті жүргізудің қолданыстағы тәртібін қадағалау, кәсіподақ құрылымының барлық деңгейлеріндегі материалдық ресурстарды неғұрлым тиімді және ұтымды жұмсау, кәсіподақ бюджетінің бірыңғай баптар классификациясын енгізу, кірістер мен шығыстарды жоспарлау әдістемесі, қаржы құжаттамасының бірыңғай нысандарын қамтмасыз ету жөнінде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілді. Семинар жұмысына аудандық және бастауыш білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының көшбасшылары, кәсіподақ ұйымдарының есепшілері мен қазынашылары қатысты. Шара барысында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай 8 жас ұстаз Салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен және облыстық кәсіподақ есебінен Каспий теңізінің жағалауы – Ақтау қаласына демалуға жолдамалармен марапатталды.
4-желтоқсан күні Ойыл ауданында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен «Жаһандану жағдайында білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жұмысының өзектілігі» атты білім саласы қызметкерлерінің, білім мекемелері басшыларының, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының қатысуымен көшпелі семинар өтті.
Семинарға Ойыл ауданы әкімінің орынбасары М.Айдарбаев,Ойыл аудандық білім бөлімінің басшысы С.Меруенов,ұстаздар, әлеуметтік әріптестер, мектепке дейінгі, орта және кәсіптік-техникалық білім беру мекемелернің басшылары, басшы орынбасарлары, әдіскерлері, аудандық және бастауыш білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының көшбасшылары, кәсіподақ белсенділері қатысты.
Семинар жұмысын Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Р.Серікова ашып, ұстаз мәртебесін биікке көтеру және беделін арттыру – қай кезде де кәсіподақ назарында екенін, оның айғағы болатын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылған «Педагог мәртебесі» туралы жаңа заңның күшіне енуін асыға күтетінімізді, қоғамның қозғаушы күші – ұстаздарға мемлекет тарапынан қолдауды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қадағалауында екенін атап көрсетті.Бұл шарада Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.Мукашева сөз сөйлеп, «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына енгізіліп жатқан өзгерістерді түсіндіріп, әлеуметтік әріптестіктің ролі мен еңбек қатынастары, Салалық кәсіподақтың негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырып, кәсіподақ мүшелерінің өзекті сұрақтарына жауаптар берді. Салалық кәсіподақтың заңгері Р.Қыдырбаева да көптеген сұрақтарға жауаптар берді. Салалық кәсіподақ төрайымы Айгүл Мақсатқызы жастармен кездесіп, көкейтесті ойларымен бөлісті.
Семинар соңында 2 кәсіподақ мүшесі «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, 4 кәсіподақ мүшесі Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен, 5 қызметкер облыстық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапатталды және облыстық кәсіподақ есебінен 2 ұстазға шипажайда демалуға, 7 қызметкерге сыйақы Сертификаттары ұсынылды.
Сонымен қатар, Салалық кәсіподақ төрайымы А.Мукашева Қобда ауданының білім қызметкерлерімен кездесіп, көкейтесті сұрақтарына жауаптар берді.
5-желтоқсан күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А.МукашеваҚ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректорымен, педагогтарымен кездесті.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ