Темірдегі «Әйел – отбасы тірегі» дөңгелек үстелі
Ақтөбе облысы Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні «Әйел – отбасы тірегі» тақырыбында білім беру мекемелерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты – өскелең ұрпаққа саналы тәрбие бере отырып, зорлық-зомбылықтың алдын алу. Шарада аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Сабенова тақырып төңірегінде жалпы статистикалық мағлұмат беріп, еліміздегі зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы баяндады. Әңгіме барысында №1 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Айбергенқызы басты тақырыпта презентация көрсетіп, Шұбарқұдық гимназиясының психологі Л.Серікқызы психологиялық тренинг өткізді. Шара соңында презентация көрсетіп, тренинг өткізген ұстаздар аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының бірлескен Алғыс хатымен және кәсіподақ ұйымының сыйлықтарымен марапатталды, қатысушы кәсіподақ мүшелеріне естелік сыйлықтар табыс етілді.
«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ