«Зорлық зомблықсыз әйел» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің ақпарламасы
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің Мұнайлы аудандық кәсіптік одағының және аудандық білім бөлімі, білім ұйлестіру орталығымен бірлесе отырып, 2019 жылы 27 қараша күні жалпы әлемде зорлық - зомблықтың соның ішінде әйелдерге байланысты зорлық-зомбылық елімізде елеулі мөлшерде асқынып тұрған мәселенің, құқықтық тәрбиенің алдын алу мақсатында «Зорлық зомблықсыз - әйел» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге 16 кәсіподақ мүшелері қатысты. Бастауыш кәсіподақ төрайымы Г.Айтимова «Зорлық зомблықсыз - әйел» тақырыбында слайд көрсете отырып, баяндама оқыды. Г.Айтимованың баяндамасында бүгінгі таңдағы отбасылық қарым-қатынаста әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомблық мәселесі мен оның алдын алу туралы кеңестер айтылып, жарыс сөздерге жауап берілді. №2 «Туберкулез ауруынан сауықтыру» балабақшасының қызметкері «Зорлық зомблыққа жол жоқ» тақырыбында зорлық зомблықтың алдын алу мен еліміздегі адамдар арасындағы өз құқықтарымен бас бостандығын қорғау туралы, адамдар бір – біріне құрметпен қарау көзқарастарын қалыптастыру мақсатында тренинг пен сауалнама жүргізді және өз құқығы туралы жағдаяттарды шешу жаттығуларын ойнатты. Дөңгелек үстелге қатысушылар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындай отыра, бір бірімен пікірлесе отырып, сауалнамаға жауап беріп, жағдаяттарды бүгінгі таңдағы мәселелермен ұштастыра отырып шешті. Дөңгелек үстел соңында барлық қатысушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, аудандық кәсіподақ ұйымынан үлестірілген сыйлықтармен жақсы көңіл күйде тарады.
Мұнайлы аудандық кәсіподақ филиалы төрайымы Р.Н.Текеева
-
Фотографии
-