Ұжымдық шарттың маңызы
2019 жылдың 26 қарашасында Тереңкөл ауданы білім саласы қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдарының қатысуымен «Ұжымдық шарттардың құрылымы мен орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі» атты семинар өткізілді. Семинар барысында кәсіподақ ұйымдарының тәжірибелі төрағалары Сулейменова М.Б. (Байқоныс ЖОББМ), Жантемиров А.Қ. (Береговой ЖББОМ) өз тәжірибелерімен бөлісті. Жыл сайын бастауыш кәсіподақ ұйымдарында ұжымдық шарттың орындалуы жөнінде кәсіподақ жиналысын өткізу және әр қызметшінің қатысуы маңызды екендігі айтылды. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігін қатаң бақылауға алу, еңбек құқығын қорғау, еңбек жағдайын жақсарту ұжымдық шарттың басты мақсаты екендігіне назар аударылды.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде «ҚР Еңбек Кодексін білесің бе?» тақырыбында челлендж өткізілді. Қатысушылар берілген жағдаяттық тапсырмаларды орындап, талқылады. Талқылау барысында қатысушылар арасында пікірталас туындап, әр жағдаят бойынша тиімді және дұрыс шешімдер қабылданды.
Тереңкөл аудандық филилал төрайымы Умарова А.А.